Ардақтайық аналарды
Меркі аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылар Үміт сарайында әрбір перзенттің анаға деген құрмет, мейірімділік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерін нығайтып, ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластық қасиеттерінен туындайтын ізгілікті іске тәрбиелеу мақсатында аудан мектептері білім алушыларының арасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған Ардақтайық аналарды атты байқау болып өтті.
Меркі ірімшік зауыты ЖШС Президенті Айтуленов Дастанның демеушілігімен ұйымдастырылған байқауға қатысушы бөбекжай-бақшалар балдырғандарының «Бала тілі – бал» атты түрлі қылықтарынан бейнероликтер көрсетілсе, 5-11 сынып оқушылары түрлі номинациялар бойынша өз өнерлерін ортаға салып, «Асыл анама!» тақырыбы аясында аналарына арналып түрлі табиғи заттардан жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қыз балалар гүл шоқтарын, ұлдар ағаштан жасалған бұйым-сыйлықтары көрмені әрлендіре түсті.
Байқауда үздік шығармаларды, бәйгеден озған Бас жүлде мен І орын алған жүлдегерлер қаржылай және ІІ, ІІІ орын алған қатысушылар түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырылған іс-шарадан барлық қатысушылар жайдары көңілмен қайтты.