АУДАНДЫҚ «АДАЛ ҰРПАҚ » КЛУБЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ
Рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасымен бекітілген модельді іс-шаралар барысында, аудандық білім бөлімінің жоспарына сай, аудандық «Адал ұрпақ «клубының слеті өткізілді. Слетті, аудандық білім бөлімінің әдіскері, Ардақ Бақытбекқызы жүргізіп, балаларды құттықтап, «Адал ұрпақ» клубының мақсат -міндетімен таныстырып өтті. Оқушылардың бойында ұлтжандылық, адалдық, еңбекқорлық, білімге деген құштарлық сияқты жақсы дағдылар қалыптасуға жұмыс жасалуы насихатталынды. Балалар «Ант» қабылдап, өлең-жырмен өрнектеді. Бала- біздің болашағымыз. Еліміздің ертеңі. Жасұрпақтың адал, еңбекқор болып өсуіне,аянбай еңбек ету, үлкендердің парызы. Адал ұрпақ тәрбиелеу қай уақытта болса да, өз заңдылығын жоғалтпаған мәселе. Халықтың мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, азаматтық сынды асыл қасиеттерін бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу баршаның борышы. Мектептерде ‘Адал ұрпақ» клубы құрылып жұмыс жасалуда. Мектептегі барлық бала «Адал ұрпақ» клубының мүшелері. Мектептегі өткізіліп жатқан әрбір жұмыстарға атсалысу міндеттері.