Аудандық әдістемелік кеңес
2021 жылдың 10 қарашасында Ақкөз Қосанұлы атындағы #18 тірек мектебі базасында аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес аудандық әдістемелік кеңес болып өтті. Кеңестің күн тәртібінде
1. 2021-2022оқу жылының І тоқсанында білім алушылардан алынған бақылау жұмыстары мен тоқсандық білім сапасының салыстырмалы мониторингі
2. Мектеп бітіруші түлектердің білім деңгейін анықтау мақсатында алынған сынақ тестінің қорытындысы
3. «Күнделік KZ» электронды жүйесінің толтырылу сапасы мен күнделіктегі білім сапасының салыстырмалы көрсеткіштері туралы
4. ҰББДҚ-ның әкімшілік деректердің толтырылу жағдайы туралы мәселелер қаралды.
Аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі С.Бопиева «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы және «Педагогикалық әдеп қағидалары» туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік кеңесте қаралған мәселелер төңірегінде нақты тапсырмалар мен ұлттық жобада белгіленген міндеттер туралы жұмыс бағыттарын ұсынды.
