Аудан мектептерінде өткен құқықтық дәрістер
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 2 желтоқсан күні 44 жалпы білім беретін мектебінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу бойынша ата- аналар мен 9-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері С.А.Метеркулова мен Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы, полиция майоры Б.Б.Дауренбеков және аудандық емханасының гинекологы А.С. Айдосова, «Жастар»денсаулык орталыгынын менгерушici Х.Адешова ата аналар мен оқушы қыз балаларға репродуктивті денсаулық жайлы ақпараттар беріп, ерте жастағы неке мен ерте жүктіліктің қауіптері туралы ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, ҚР ҚК заңының 122 бабымен таныстырып, ата аналардың жауапкершілігі туралы айтып өтті.