Ауыл мектептерінің 5 және 6 сынып оқушыларына арналған «Мың бала» олимпиадасының І кезеңі басталды
2021 жылдың 2 сәуір күні ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасындағы «Мың бала» олимпиадасының І кезеңі басталды. Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу.
Әрбір қатысушы интернет желісіне қосылған өзінің жеке компьютері, смартфоны немесе планшетінен https://1000bala.elbasyacademy.kz/for-members сілтемесі арқылы өтіп, берілген құпия сөзді жазып, тестілеуден өтуге мүмкіндігі бар. Егер сізде интернетке қолжетімділік болмаған жағдайда өзіңіздің ұстазыңызбен байланысу арқылы білім беру ұйымында тапсыруға болады.
«Мың бала» олимпиадасы финалистердің бәріне Birge oqý Елбасы Академиясында тегін оқуға, ал жеңімпаздарға еліміздегі дарынды балаларға арналған алдыңғы қатарлы мектептердің оқушысы болуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, олар «Білім-Инновация» лицейлерінде, республикалық физика-математика мектебінде және «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқи алады.
Серверлерге түсетін жүктемені оңтайландыру мақсатында «Мың бала» олимпиадасының I кезеңін ұзарту туралы шешім қабылданды. Олимпиада 5-7 сәуір аралығында өтеді. Тестілеуден бұған дейін І кезеңге қатыспаған қатысушылар ғана өте алады. Өңірлерде тестілеуден өту қолжетімділігі
берілген кестеге сәйкес жүргізіледі.