Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы
Заман талабына сай, үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Осыған орай аудандағы 37 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде білімді, жан-жақты, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі тәрбие мен білімді ұштастыру. Қәзіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Осы мақсат аясында «Балдәурен» бөбекжай-бақшасында орыс тілі пәнінің жетекшісі С.Мухлистің ұйымдастыруымен бес білім беру саласы бойынша кіріктірілген «Сиқырлы ойыншықтар» тақырыбы барысында сумен, жарықпен дәстүрден тыс сурет салу әдістері арқылы мектепке дейінгі ересек жас топтарында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі жоғары деңгейде өткізілді.