БАЛАЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ!!!
2021-2022 оқу жылында шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау ұйымдастырылған.
Меркі ауданы бойынша 2021-2022 оқу жылында шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды қажет ететін 492 оқушының тізімі анықталып, күнделікті тасымалдау жұмыстары талапқа сай ұйымдастырылуда. Шалғайдағы елді мекеннен мектепке дейінгі тасымалданатын арақашықтық 3-18 км құрайды.
Қолданыста жүрген барлық автокөлік құралдарының техникалық жағдайы талапқа сай. Тасымалдайтын көліктер 2002-2017 жыл аралығындағы талапқа сәйкес келетін көліктер.