Бата беру дәстүрі
Қазақтың бата сөздері – тамыры тереңде жатқан, тарау-тарау халық тарихымен тағдырлас, елдің тұрмыс салтында тайға таңба басқандай айқын із қалдырған, ұрпақ үшін тәлім-тәрбие болған тағылымы мол тамаша мұрамыз. Осынау кәделі қазынаны игеріп халықтың өз игілігіне жарату, ұрпақтың санасына сіңіру – уақыт талабы. Наурыз 2021 мерекесін атап өту бағдарламасы аясында «Өркен» шығармашылық орталығының ер азамат қызметкерлері арасында «Бата беру» байқауы өткізілді. Жеңімпаздар грамоталармен, сыйлықтармен, ал белсенділік көрсеткендер алғыс хаттармен марапатталды.