«Бейбарыс сұлтан – Ұлы дала елінің бахадүрі» тақырыбында тарих пәні онкүндігі өткізілді
Мысыр мен Шам елінде Мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті қыпшақ даласының ұлы перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына орай, мамыр айында «Бейбарыс сұлтан-Ұлы дала елінің бахадүрі» тақырыбында тарих пәнінің онкүндігі өткізілді.
Онкүндіктің мақсаты Дешті Қыпшақ даласынан шыққан даңқты тұлғаның өмір жолымен таныстыру, Сұлтан Бейбарыстың өмірбаяны арқылы жас ұрпақтың бойында тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылығын арттыру, ұлы батырдың мұрасын мәдени-танымдық және ағартушылық бағыттарда насихаттауды көздейді.
Іс- шара барысында оқушыларға жастайынан құлдыққа сатылып, тағдырға мойынсұнбай, әлемдік тәртіпті, тағдырдың бағытын, өркениеттердің тағдырын өзгерткен қазақтың Каспий даласының тумасы Сұлтан Бейбарыстың өмірі туралы тың мағлұматтар берілді.
Онкүндік аясында 14 дөңгелек үстел, 20 танымдық сабақ, 12 ғылыми-практикалық конференция, 15 тұлға тану сабағы, 10 саяхат сабағы, 7 жарыс сабақтары өткізіліп, оларға 5-11 сыныптардан жалпы 5127 оқушы қамтылды.