Білім бөлімінің басшысы А.Алтынбаева жұмыс сапарымен №44, №23, №19 жалпы білім беретін мектептеріне барып, жұмыс бағытымен танысты
2020 жылдың 21 желтоқсанында білім бөлімінің басшысы А.Алтынбаева жұмыс сапарымен №44, №23, №19 жалпы білім беретін мектептеріне барып қашықтан оқыту мен дәстүрлі оқыту жағдайында білім берудің ахуалымен, жұмыс бағытымен танысты. Дәстүрлі оқыту бойынша білім беріп жатқан №23 жалпы білім беретін мектебіндегі санитарлық талаптардың орындалуы мен №44 жалпы білім беретін мектебінің күрделі жөндеу сапасын көрді.
Сондай-ақ, жұмыс сапарын «Балапан», «Бөбек», «Айым» бөбекжай-бақшаларында жалғастырды. Сұрат ауылдық округінде орналасқан «Балапан» бөбекжай-бақшасы, Ақарал ауылдық округінде орналасқан «Бөбек» бөбекжай-бақшасы және Жамбыл ауылдық округінде орналасқан «Айым» бөбекжай-бақшаларында болып, олардың талапқа сай безендірілуі, қазіргі жағдайдағы санитарлық талаптардың сақталуымен, жалпы жұмыс бағыттарымен танысты.