Білім саласын бюрократиядан арылту шаралары туралы жиналыс өтті
2022 жылдың 13 тамыз күні Меркі ауданының білім бөлімі басшысы А.Алтынбаева, сектор меңгерушісі С.Иманалиева білім бөліміне қарасты мекеме басшыларымен білім саласын бюрократиядан арылту шаралары туралы ақпараттық жиын өткізді.
Жиын барысында білім бөлімі басшысы А.Алтынбаева «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюракратиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі №872 Жарлығындағы тапсырмаларды орындау бойынша мәселелерді мекеме басшыларымен талқылады.Сонымен қатар, Жарлық- мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдауды жеделдетуді, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арттыруды, құжат айналымы мен есептілікті қысқартуды қамтамасыз ететін жүйелі және қолданбалы шаралар кешенін көздейтінін айта кетті. Сектор меңгерушісі С.Иманалиева өз сөз кезегінде, бюрократизация жұмысында мемлекеттік басқарудың барлық салаларын цифрлық трансформациялау және жүйелі реинжиниринг маңызды мәнге ие екенін және бұл жұмыстың негізгі бенефициары азаматтар болады дей келе, Жарлыққа енгізілген шаралар мемлекеттік қызметшілерді түпкілікті нәтижеге әсер етпейтін артық рәсімдер мен процестерден босатуға мүмкіндік береді деді. Жиын барысында мекеме басшылары кешенді реинжиниринг норма түзушілік және бюджеттік процестердің мерзімдері мен кезеңдерін екі есе қысқартуды қамтамасыз ететінін және ведомстволық есептілікті жүйелеу және автоматтандыру; мемлекеттік органдар үшін ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сұратуға тыйым салуды енгізу; қағаз жүзінде бұрыштама қоюды және құжаттардың әр парағына қол қоюды жою; өкілеттіктерді орта басқарушылық буын деңгейіне беру; мемлекеттік органдардың басшыларын қашықтықтан жұмыс істеу үшін құралдармен және жағдайлармен қамтамасыз етілетіне тоқтала кетті.