Ағымдағы жылдың 20 қаңтар күні Меркі ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі өтетін білім мекемелерінің 4 және 9 сынып оқушыларынан ББЖМ-ға дайындалу және өткізу рәсімдері негізінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқу бағдарламаларын меңгерудегі олқылықтарды анықтау және білім сапасын бақылау мақсатында сынама тест алынды. Сынама тестке аудан мектептері бойынша жалпы 220 оқушы қатысты.