Жазғы демалыс
Мектеп жанындағы сауықтыру лагері
2023 жылдың 7-8 маусымы күндері Меркі ауданының білім бөлімі әдіскерлері тарапынан мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерлерінің ұйымдастырылуына және жүргізілуіне мониторинг жасалды. Қамтылған мектептер: ✓2, ✓3, ✓4, ✓6, ✓8, ✓14, ✓16, ✓21, ✓30, ✓33, ✓34
Қамтылған бала саны мен жоспарлы іс-шаралардың жүргізілуі аса назарға алынды. Оқушылардың бос уақытын көңілді әрі пайдалы өткізу үшін түрлі бағыттағы іс-шаралар дайындалған.
Жазғы дебат, тілдік үйірмелер мен қолөнер клубтары және сурет салу үйірмелері жұмыс жасап жатыр. Барлығы тегін және әр баланың қалауы бойынша.
Мониторинг барысында анықталған кемшіліктерді түзету жұмыстары мен әдістемелік көмек көрсету шаралары іс барысында орындалды және түзету жұмыстары жүргізіледі, назарға алынады.
#лето2023 #жазғылагерь2023