Жазғы мектеп – тәлімді уақыт
Жазғы мектепке 26 мамыр мен 17 маусым аралығында аудан бойынша жалпы орта білім беру ұйымының базасында 6080 бала қамтылды. Білім алушылардың сабаққа еркін формада қатысуына жол беріледі.
Жазғы мектеп жағдайында білім алушылардың оқыту сапасын арттыру, біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру арқылы күрделі тақырыптарды игеруге көмектесу маңызды болып табылады.
Мектеп кітапханаларында, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етілген және педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқыту технологияларын қолданады. Балалардың оқу әдетін қалыптастыратын күнделікті 20-30 минуттық кітап оқу ұсынылады. Кітаптарды топтық талқылау, түсіну, талдау, салыстыру, қорытынды жасау арқылы оқу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Дене шынықтыру мұғалімдері жаттығулар, қозғалмалы ойын спорт түрлерінен сабақтар ұйымдастырса, сынып жетекшілері мен тәрбиешілер түрлі дамытушы тақырыптар бойынша тренингтер өткізеді.
Жазғы мектеп оқушыларға сүйікті істерімен емін-еркін айналысуына да зор мүмкіндік береді