Жас зерттеушілер «Зерде» облыстық конкурсынан жүлдемен оралды
2022 жылдың 9 желтоқсан күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы №3 мектеп- лицейінің базасында жалпы білім беретін мектептердің 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі болып өтті.
Конкурстың мақсаты- балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық –шығармашылық әлеуетін ынталандыру және қолдау.
Конкурсқа ауданнан қатысқан 16 оқушы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, информатика, физика, химия, медицина, өлкетану, этномәдениеттану, биология, экология, технология және өнер секцияларынан зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарын қорғап, өз білімдерін шыңдады.
Нәтижесінде аудан оқушылары 11 жүлделі орындарды жеңіп алды. Атап айтсақ, І орын – 1 оқушы, ІІ орын – 2 оқушы, ІІІ орын – 8 оқушы.
Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының алғыс хаттарын 4 оқушы иеленді.
Конкурстың І орын жеңімпазы Асанбай Аскаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Мустафаева Рейхан (жетекшісі Ж.Исхакова) конкурстың республикалық кезеңіне жолдама алды.
Жеңімпаз жас зерттеушілерді құттықтаймыз және дайындаған жетекшілеріне алғыс білдіреміз