Жас мамандарға педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында өткізілген ашық есік күні
2021 жылды 29 қаңтар айында №1 мектеп –гимназиясы базасында Меркі аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына жас мамандарға педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында ашық есік күні өткізілді.Іс-шараға ауданның жалпы білім беретін мектептерінен 17 жас маман (педагог-психолог) қатысты.
Жас мамандарға диагностикалық бағыттағы жұмыстарды (жасырын сауалнамалар, анкета, тесттер, әдістемелер) жүргізу және оның өңделу жолдарымен сандық , сапалық көрсеткіштерін есептеу, қорытынды анықтамасын жазу жолдары түсіндірілді. Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖББМ педагог-психологы А.Т.Назаралиева GOOGLE ДИСК платформасында қалай сауалнама жасауға және өткізуге болады? тақырыбында практикалық жұмыс көретсе. ал, №21 ЖББМ педагог-психологы А.С.Назаркулова өз іс-тәжірибесімен бөлісу барысында келеңсіз жағдайлардың алдын- алу мақсатында жүргізілетін жұмыс барысымен, яғни қандай әдіс – тәсілдерді қолдануға болатынын жас мамандарға түсіндіріп өтті. Қатысушы жас мамандармен өз келісімдері бойынша фототерепия әдісі және медитация өткізілді.