Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі
Меркі ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 12 ақпан күні №1 мектеп-гимназиясының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Олимпиаданың жабылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы А.Алтынбаева жеңімпаздарға құттықтау сөз сөйлеп, облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тіледі. Іс- шара соңында жүлделі орындарға ие болған білім алушылар дипломдармен марапатталды.