Жүз жыл жырлаған жүрек
2021 жылдың 3 наурыз күні Меркі аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ақкөз Қосанұлы атындағы № 18 жалпы білім беретін тірек мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жыр алыбы-Жамбыл» тақырыбында әдеби сазды кеш өтті. Қақаған қар аралас соғып тұрған боранда дүниеге келген Жамбылдың өмірінен бейнебаян көрсетіліп, «Менің өмірім» өлеңі оқылды. Сүйінбайдың Жамбылға қасиетті қара домбырасын табыстауы, Жамбылдың Бұрыммен айтысынан үзінді орындалып, көрініс көрсетілді. 1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы отты жырларынан үзінділер оқылды. Кеш соңында білім бөлімінің әдіскері Раптаева Сәуле Мұратбекқызы мен мектеп директоры Бектурганов Бауыржан Тлешұлы мектеп оқушыларына өз ризашылықтарын білдірдіріп,жүрек жарды тілектерін білдірді.