«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда…»
Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, оқушылардың классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңінде ауданымыздан М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Жолшыбек Диас «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша 1-орын иегері атанып, республикалық айналымға жолдама алды.
«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Құдайберген Асел ІІІ дәрежелі дипломға ие болса, «Абайдың қара сөздері» бағытында Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық) 8 сынып оқушысы Бекен Айзере, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағытында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Ширинбаева Асел, «Ұлылар әлемі» бағытынан Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Карибай Нурила Алғыс хатқа ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!