
Биыл «Жұлдыз» сауықтыру лагері 13 маусымнан басталып, білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қарай 300 бала қамтылатын болады.

Лагерьдің жұмыс күндерінде демалушы бүлдіршіндердің бос уақыттарының қызықты әрі тиімді, мағыналы ұйымдастырылуына, белгілі бір бағытта бала қабілеттерін жетілдіру бойынша жоспарлау қажеттігі ескерілді.

Сонымен қатар, лагерьдегі санитарлық талаптардың қатаң сақталуына, асхана жұмысына, балаларды дұрыс тамақтандыру жағдайына қатаң бақылау жасап, балалардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Аудан жеткіншектері үшін «Жаз –2022» бағдарламасы аясында қызмет ететін «Жұлдыз» сауықтыру лагерінің есігі ашық және қызмет көрсетуге дайын!