2022 жылдың 9 қыркүйек күні №18 жалпы орта білім беретін тірек мектеп базасында білім бөліміне қарасты мекеме басшыларының қатысуымен басшы жанындағы кеңес өтті.

Кеңес барысында білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ондай әрекеттерге шек қою жұмыстары тапсырылды;

Әрбір мекеменің ішкі тәртіп ережесі,педагогтардың жұмысқа қабылдануы мен аз жүктемемен қалған педагогтар мәселелерін шешу жолдары қарастыру мәселелері айтылды;

Мектептің даму жоспары, жаңа оқу жылына арналған оқу- тәрбие жоспарлары, жұмыстық оқу жоспары туралы ;

Аттестациядан өтетін мекемеге, пән мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетуге;

Жылыту маусымына дайындық, жылыту қазандықтарының жағдайы,газдардыру мәселелері қарастырылды;

«Мектепке жол!» акциясының аяқталуы, сонымен қатар балалардың құқық бұзушылығының алдын алу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін атап өтті.
Кеңес соңында мектеп басшыларына мектеп оқушыларының білімін арттыру жұмыстарын жандандыру, азаматтық қызметшілердің әдеп қағидатын ұстануы назардан тыс қалмауын тапсырды.