«Кибербуллинг пен буллингтің алдын алу» атты аудандық семинар өтті
Меркі ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың 26 сәуір күні ауданның №28 жалпы орта білім беретін мектебінде «Кибербуллингтің бала психологиясына әсері. Жасөспірім кезеңіндегі кездесетін кибербуллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, кибербуллинг туралы ақпаратты кеңейту» тақырыбында мектеп директорының құқықтық тәрбие орынбасарларына арналған аудандық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Кибербуллинг және буллинг мәселелерімен алдын алу жұмыстарымен таныстыру. Кибербуллингке тап болу белгілері және оның салдары, көрсетілетін көмектер туралы түсінік беру. Семинардың ашылуын аудандық білім бөлімінің әдіскері сөз алып, семинар бағдарламасымен таныстырып өтті. Семнар барысында:
1.«Кибербуллинг пен буллинг мәселесін алдын-алу бойынша жұмыс алгоритімімен таныстыру» баяндама оқыған директордың құқықтық тәрбие орынбасары Асанова Дина Мирзаевна.
2. «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты коуч сабағын жүргізген педагог-психолог Умурзакова Рита Шамшетовна, әлеуметтік педагог Бекжанова Шолпан Қамбарбековна.
3. «Жұдырықтай біріксек, алынбайтын асуымыз жоқ» атты коррекциялық тренинг жаттығулар жүргізген Алтыбаев Арслан Қадырбекұлы математика пәнінің мұғалімі және 5 сынып жетекшісі.
4.«Мен жарқын болашақтың ұрпағымын» тәрбие сағатын жүргізген Барменкулова Шынара Бериковна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және
10 сынып жетекшісі.
5. «Бәрі менің қолымда» сахналық көрініс көрсеткен мектептің жас мамандары.
Семинар қорытындысы барысында қатысушылар арасында кері байланыс жасаланып, іс тәжірибесімен бөліскен педагогтар аудандық білім бөлімінің сертификаттарымен марапатталды.