Массаны қалай өлшейміз?
Мұғалім-бүгінгі күні қоғамда болып жатқан деректерден хабардар, көзқарасы жан-жақты қалыптасқан, ылғи педагогикалық шеберлігін шыңдауға ізденіс үстінде болатын шығармашыл тұлға екені белгілі. Шеберлікті тарату, іс-тәжірбиемен бөлісу бүгінгі заман талабы болып отыр.
Осы тұрғыда N22 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.М.Исмаилованың математика пәні бойынша түзілген «Массаны қалай өлшейміз?» тақырыбындағы сабақ жоспары «Ұстаз шапағаты» атты республикалық ғылыми- әдістемелік журнал жинағына еніп отыр. «Жақсыны көрмекке, ілімді білмекке» дегендей шығармашыл ұстаздардың шеберлігі шыңдала берсін демекпіз.
