Мейірімді жандар
2021 жылдың 22 ақпанында педагогтардың адамгершілік-рухани, ізгілік қасиеттерін және әлеуметтік-мәдени тәжірибесін насихаттау мақсатында «Мейірімді жандар» атты «Өзін-өзі тану» педагогтарының арасында облыстық фестиваль болып өтті. Аудан мектептеріндегі «Өзін-өзі тану» педагогтарының арасынан «Мейрімді тамшылар» тобы құрылып, өз өнерлерімен бөлісуге, ауданның абыройын қорғауға жолдама алған топ мүшелері ережеге сай «Асыл жүрек» тақырыбында Назарбаева Сара Алпысқызының 80 жылдығына орай түсірілген бейнеролик туындысын ұсынды. «Мейірімді ана» айдарымен мәнерлеп оқу, «Мейірімді дос» тақырыбында аңыз әңгіме, көркем өнер бағытында өз туындыларынан «Біз жеңеміз, жеңеміз!» атты ән орындап, «Келіншек» күйін, «Келіншек» би өнерін көрсетіп, үш бөлімнің әр бөлімінен ІІ орын иеленді.