«Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті
Меркі ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 13 сәуір күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты білім беру ұйымдарының мектептегі ыстық тамаққа жауапты мамандары мен мектептің әлеуметтік педагогтары үшін Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі базасында «Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинар барысында мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыруда басшылыққа алынатын нормативтік-құжаттар, «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» (мемлекеттік қызметті көрсету) қағидаларына сәйкес қызмет көрсету, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссияның міндеттері мен жұмыс жоспарлары, «Мектептік тамақтандыру» айдарына жүргізілген іс-шаралар бойынша материалдарды орналастыру және жаңалап отыру бағытында аудандық білім бөлімінің әдіскері Л.А.Абенова түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмектер көрсетілді.
Сонымен қатар, №2 Аспара , Ақкзөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектептердің ыстық тамаққа жауапты мамандары М.Мусаева, Г.Шаймерденова өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерімен пікір алмасты.