
Іс-шараға ата-аналар,мен қатар аудандық «Ата мешітінің» бас имамы Азамат Берікұлы, ПМПК меңгерушісі М.Жүзбаева, Меркі ауданы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы А.Малдыбайқызы, «Евразия» банкінің басшысы А.Тургинбаева сынды демеуші-қонақтар қатысып, өз тілектерін білдірді.

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдері тәрбиелеу және түзеп-оқыту, жеке тұлға ретінде қалыптастыру, әлеуметтік ортаға бейімдей отырып, әр баланың жеке қасиеттерін дамыту, өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре айтуға үйрету арқылы икемдеріне қарай ән айтқызып, мақышына қарай би билеген көңілді балалар кеші болды.