Меркі ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес басшы жанындағы кеңес 2021 жылдың 29 наурыз күні өтті

Кеңесте ауданның жалпы білім беретін мектептерінде білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау, қорытынды аттестаттауға дайындау, білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстардың жайы мен ауданның білім беру мекемелерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жұмыстары және білім нысандарының дайындығы туралы мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылының 4-ші тоқсанында оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері, бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдауды ұйымдастыру, оқушылардың республикалық пән олимпиадасының аудандық, облыстық кезеңінің өткізілу жайы, оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру бойынша кешенді жоспардың жүзеге асырылуы, білім беру мекемелерінде ыстық тамақты ұйымдастыру, мектептерде оқушыларға әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету және «Медиация» кеңесінің қызметін ұйымдастыру шаралары аясында сөз қозғалды.
Мекеме басшыларына санитарлық-эпидемиологиялық талапты қатаң сақтау және әркез назарда ұстау қажеттігі туралы ескертілді.


