Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы А.Алтынбаеваның жұмыс іс-сапары
2021 жылдың сәуір айының 9 күні Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебі мен Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебіне іс-сапармен барып, №13 мектеп жанындағы интернаттың тыныс-тіршілігімен танысты.
Мектептердің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 4-тоқсандағы оқу процесінің ұйымдастырылуына, білім алушылармен қорытынды аттестаттау бойынша жүргізілген іс-шараларға баса көңіл бөлді.
Іс сапар барысында қазіргі жағдайдағы санитарлық талаптардың: мектептерде бетперде режимінің сақталуына, термометрияға, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуына және асхана жұмысына, балаларды дұрыс тамақтандыру жағдайына баса назар аударды.
М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебіндегі STEM бағдарламасы аясында жұмыс жасайтын «STEM» лабораториясының жұмыс жүйесімен танысты.
Білім алушылардың кабинеттегі 3D модельдеу конструкторлық роботтарды сабақ барысында тиімді пайдалануы қажеттігі туралы айтты.
Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебінде абаттандыру аясында жүргізілген іс-шараға атсалысты. Аталған мектептің оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында ұсыныстар айтты.