МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ
Меркі ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес әдістемелік кабинетінің №2 әдістемелік кеңесі өтті.
2022 жылдың 30 наурыз күні мектеп директорының оқу-тәрбие және ғылыми- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен әдістемелік кеңес өткізілді. Кеңес барысында мектептердегі білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне, білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар, халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстарының жағдайы, білім алушылардың үлгеріміне ағымдық және аралық бақылауды өткізу және қорытынды аттестаттауға дайындау жұмыстарының жайы, электронды журнал «Kundelik.kz» жүйесінде бөлім бойынша жиынтық, тоқсандық жиынтық бағалауларды жүргізу қаралды. Әдістемелік кеңесте білім бөлімі тарапынан жүргізілген мониторинг қорытындысына сәйкес білім сапасы төмен болған мектептердің орынбасарларына олқылықтарды жою бойынша жұмысты жүргізу тапсырылды.
Сонымен қатар, халықаралық зерттеу аясында 15 жастағы білім алушылардың білімдерін 4 бағытта (математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, оқу сауаттылығы, шығармашыл ойлау) бағалайды. Мектепте өтілетін пәндерге функционалдық сауаттылық тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың қабілетін дамытуға бағытталған жұмысты жүйелі жүргізу туралы нұсқаулық берілді. Әдістемелік кеңесте көтерілген мәселелер кең ауқымда талқыланып, қажетті көптеген мәліметтер алынды.