Облыстық педагогикалық оқулар өтті
Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қараша айында ҚР Конституциясының 25 жылдығы аясында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: тұрақты даму мен кемел келешектің кепілі» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық педагогикалық оқулар болып өтті.
Педагогикалық оқулардың нәтижесінде Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Тұрсынов Жасұланның «Конституциямызға 25 жыл: өркендеу мен дамудың жаңа ғасыры» тақырыбындағы бейнесабағы үздік деп танылып, І орынды иеленсе, аталған мектептің тарих пәні Г. Суталиеваның «Қазақстан Республикасы: тұрақты даму мен кемел келешектің кепілі» тақырыбындағы және Владимир Савва атындағы №9 мектеп- лицейінің тарих пәні мұғалімі С.Кушанованың «Тәуелсіздік туралы Конституциялық заңы қабылдануының тарихи маңызы» тақырыбындағы сабақтары жүлделі ІІІ орындарды иеленді.
Әріптестерімізді жүлделерімен құттықтаймыз!