Отбасы – бақыт мекені
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №5 Ақарал мектеп-гимназиясында 2021 жылдың 20 ақпан күні «Тәуелсіздік- Мәңгілік елдің тұғыры» ұранымен «Менің әкем – ең жақсы адам» тақырыбында спорт сүйер Жұмағуловтар отбасымен кездесу кеші өтті. Іс-шара барысында Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы А. Алтынбаева ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлген Жұмағуловтар отбасын Құрмет грамотасымен марапаттап, «Үздік отбасы – 2021» ауыспалы кубогын табыс етті. Қазіргі таңда өз ұлдарын атбегілікке баулып, ұлттық салт- дәстүрді дәріптеп жүрген белсенді ел ағасы Нұрмат Жұмағуловтың келешек ұрпақ тәрбиесіне берері мол екені анық.