«Оқуға құштар мектеп» жобасы іске асырылуда!!!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлары, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасының мақсаты:
Өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығы мен оқу мәртебесін, оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру,балалардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сонымен қатар жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов :«Оқу – біздің балаларымыздың білімін, тәрбиесін және мәдениетін арттырудың маңызды факторы.
Біріміз кітапты ой-өрісті кеңейту үшін оқысақ, біріміз – жұмыс барысында ақпарат іздеп оқимыз. Арамызда кітап оқып, демалатындар да бар.
Оқу ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, жалпы, адамды тәрбиелейді және рухани байытады.
Кітап оқуға бала кезден баулу керек.
Осыған орай еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасының алар орны зор. Мектеп кітапханасы бүгінгі жаңартылған білім мазмұнының ресурстық орталығы. Өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту тұрғысында мектеп кітапханасының қосар үлесі бар.
Оқушыны өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қолдана ұйымдастырылып келе жатқан «Оқырмандар конференциясы», «Оқырман күнделігі» сияқты әдістермен қатар кейін пайда болып, әсіресе, былтырдан бері ұйымдастырылып жатқан «Буктрейлер», «READx» тәсілдерін де қолданысқа енгізу маңызды іс шара.
Мектеп оқушылары арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Үздік кітапхана», «Ең үздік кітап оқитын мектеп», «Үздік буктрейлер», «Үздік READx» т.б. байқаулары ұйымдастырылып тұрады.