Патронат тәрбиешілер қызметінің төлемақысы көбейді
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамсымен биылғы маусым айынан бастап патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін төлемақы артты. Бұрын олардың қызметтеріне төленетін ақы 60 мың теңге болса, енді әлеуметтік аударымдарды қоса есептегенде ол 35 айлық есептік көрсеткішке артты, яғни 120 мың теңге шамасында алады.
Атап айтқанда, ҚР Оқу-ағарту министрінің 26.05.2023 жылғы № 150 бұйрығымен ҚР Білім және ғылым министрінің 16.01.2015 жылғы «Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» № 14 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасылық құрылымы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін төлемақы мөлшерін арттыру бірқатар нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін ақыны арттыру осы отбасыларда тәрбиеленетін балалардың өмір сүру деңгейін жақсартады.
Бүгінгі күні елімізде отбасылық орналастырудың 4 балама түрі бар: бала асырап алу, қорғаншылық (қамқоршылық), патронат және қабылдаушы отбасы.
Меркі ауданы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны– 68. Оның ішінде: қорғаншылықтағы балалар саны – 56, отбасы үлгісіндегі балалар үйіндегі балалар саны – 12, патронаттық тәрбиеде тәрбиеленіп жатқан балалар жоқ.