Пәндік олимпиада жеңімпаздары марапатталды
2022 жылдың 24 ақпан күні Владимир Савва атындағы №9 мектеп- лицейінде пәндік олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңі 14-22 ақпан аралығында «бір қатысушы- бір компьютер- бір камера» қағидасына сүйене отырып, 14 пән бойынша болып өтті. Олимпиадаға ауданның жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасынан 557 оқушы қатысып, өз білімдерін сынға салды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жоғары білімдерімен ерекшеленген 255 оқушы жүлделі орындарға ие болды:
І орын- 34,
ІІ орын- 94,
ІІІ орын- 127.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз болған оқушылар олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алады.
Жеңімпаз оқушыларды аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.Т.Бопиева құттықтап, облыстық кезеңде де жеңіспен оралуды тіледі.
Сонымен қатар, Республикалық XVII «Зерде» конкурсына қатысып жүлделі ІІ орын алған №1 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясының 4 сынып оқушысы З.Алиеваны (мұғ.З.Курбанова) марапаттап, жеңімпаз оқушыларды дайындаған мұғалімдеріне алғысын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.
Жеңімпаз оқушыларды жеңісімен құттықтаймыз!