Ректор грантының иегері атанды
Қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ТИГУ-дің ұйымдастыруымен республикалық «Шерхан оқулары» өтіп, Меркі ауданынан қатысқан №2 жалпы білім беретін мектептің
11-сынып оқушысы Абдіқадыр Ғани байқаудың бас жүлдесі мен ректор грантын ұтып алды. Құттықтаймыз!