2022 жылдың 23 мамыр күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында жалпы білім беретін мектептердің білім алушыларының арасында республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
6 номинация бойынша өткен шығармашылық байқауға ауданымыздан қатысқан
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша М.Жылысбаев атындағы #14 мектебінің оқушысы Құдайберген Хафиза » І дәрежелі дипломмен;
«Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша М.Мәметова атындағы #13 мектептің оқушысы Абдықадыр Арзуми І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Абайдың қарасөздері» бағыты бойынша #2 мектеп оқушысы Қанатұлы Бексұлтан 2-орын;
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімі бойынша А.Тұрғымбаев атындағы #7 мектеп оқушысы Мамытбек Альбина, 2-орын;
«Ақын шәкірттерінің өлеңдері» бағыты бойынша #6 мектебінің оқушысы Қалкен Дина 2-орын иеленді.

Жеңімпаздарды және оларды дайындаған жетекшілерін құттықтаймын!!