Республикалық ғылыми жобалар конкурсының І (аудандық) кезеңі өткізілді
2023 жылдың 5 мамыр күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының І (аудандық) кезеңі Мұхтар Әуезов атындағы мектеп- лицейі базасында болып өтті.
Ғылыми конкурстың мақсаты- оқушылардың ғылыми- зертттеу және оқу – танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету.
Конкурстың бірінші кезеңіне, алдын- ала іріктеуден өткен, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 4 секциядан 15 жобамен 17 қатысушы, жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндер бойынша 19 жобамен 20 қатысушы ғылыми жобалық жұмыстарын қорғаумен бақ сынасты.
Оның ішінде, жеке жұмыстар саны – 31 жоба, топтық жұмыстар саны – 3 жоба.
Ғылыми конкурстың нәтижесінде І орынды- 10 , II орынды- 8 және III орынды- 12 оқушы иеленді.
Облыстық кезеңге жолдама алған оқушылар:
– тіл білімі (ағылшын тілі) секциясы бойынша- Айбас Назерке- №20 орта мектептің 10 сынып оқушысы;
– әдебиет (қазақ әдебиеті) секциясы бойынша- Спанкулов Азат- №23 орта мектептің 10 сынып оқушысы;
– әдебиет (орыс әдебиеті) секциясы бойынша-Бондаренко Виолетта- №17 мектеп- гимназиясының 10 сынып оқушысы;
– тарих секциясы бойынша- Жақсылық Қарақат- М.Әуезов атындағы мектеп- лицей оқушысы;
– өлкетану секциясы бойынша- Леброва Рамилям- №21 орта мектептің 9 сынып оқушысы;
– физика секциясы бойынша- Егембердиев Дархан- №21 орта мектептің 9 сынып оқушысы;
– информатика секциясы бойынша- Болат Нұртілеу- Мукашев Әділет, №39 мекетп- гимназиясының 9 сынып оқушылары;
– қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау секциясы бойынша- Ерболат Сезім- №39 мектеп- гимназиясының оқушысы;
– биология секциясы бойынша- Жайлаубек Мөлдір- М.Әуезов атындағы мектеп- гимназиясының оқушысы;
– химия секциясы бойынша- Шарипова Марьям- М.Әуезов атындағы мектеп- лицейінің оқушысы.
Жас ғалымдарды құттықтай отырып, ізденімпаздық пен шығармашылық табыс тілейміз!




