2022 жылдың 12 мамыр күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының базасында Меркі аудандық білім бөлімі мен Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен «Сабақты бақылау: сандық, сапалық талдау жүргізу» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарға жалпы ауданнан 43 мұғалім қатысты. Жетекші мектеп активтері үшін ұйымдастырылған оқыту семинарында Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының тренері Нарегеева Агура Маарбанқызы сабақты бақылау арқылы зерттеу тәсілдеріне:
1.Бақылаудың негізгі мәселелері ( Кім? Не? Қашан? Қалай?)
2.Сабақты бақылау моделі (Бақылау кезеңдері)
3.Бақылауды жүргізу бойынша ұсыныстар (Бақылауға дейін; Бақылау барысында; Бақылаудан кейін)
4.Құрылымдалған бақылау (Бақылау парақтарының формалары, сандық-сапалық талдау) аясында әдістемелік бағыт-бағдар берді.
Семинар барысында №39 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Д.Исакулова мен математика пәні мұғалімі Ф.Нурланкулова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Осы іс-тәжірибелер негізінде, Агура Маарбановна мұғалімдермен бақылаудың негізгі мәселелері, сабақты бақылау моделі, бақылауды жүргізу бойынша топтық жұмыстар жүргізіп, ұсыныстар берді, ой бөлісті.
Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, мұғалімдерді толғандырған сұрақтар аясында пікір алмаса отырып, семинарды қорытындылады.