Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл – жаз маусымы. Балалар мен жасөспірімдер демалысын тиімді пайдалануына және денсаулығын нығайтуға, шығармашылық еңбегін іске асыру мақсатында «Жұлдыз» сауықтыру лагері жыл сайын көпбалалы отбасылардан, аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан балаларға арнап жұмыс істеп келеді. Бүгін 14 мусым 2022 жылы лагерлердің «Армысың жарқын жаз – 2022» ашылу салтанаты болып өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлы демалушы балаларды лагердің ашылу салтанатымен құттықтап, жақсы демалыс тіледі.
Аталған жазғы сауықтыру қала сыртындағы лагерлерде үш аусымда 300 бала демалады. Мұнда балалардың қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынып, тәрбиешілерге үлкен жауапкершік артылып отыр. Осы мақсатта балаларға лагерлерде түнгі кезекшілік ұйымдастырылып, электр, өрт, жолда жүру, бассейнге шомылу, спорт алаңдарындағы қауіпсіздік туралы нұсқаулықтар таныстырылып, күн сайын ескертіп отырады.
