«Тіл шебері» облыстық байқау жеңімпазы
«Қазақстан халқы тілдері» күні аясында үш тілді қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау мақсатында Жамбыл облысы тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл шебері» облыстық байқауы өтті.
Аталған 3 тілді жетік меңгерген жастар арасындағы байқауға қатысқан В.Савва атындағы №9 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, жас маман Наметқұл Құралай «Бас жүлде» иегері атанып, республикалық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз.