Шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздіктін алдын алу
Аудан мектептерінде шомылу маусымы кезінде адам өлімі мен қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында сынып жетекшілердің оқушылар арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп, сынып бұрыштарына судағы қауіпсіздік ережелері ілінді.
Мектеп орналасқан маңда үлкен су қоймалары жоқ, дегенмен әр сынып оқушыларымен фотосуреттер және интерактивті тақта арқылы шомылу кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жасалды. Сонымен қатар білім беру мекемелерінің кіреберіс дәлізінде қауіпсіздік ережелері жазылған тақталар ілінді.
Мектеп оқушыларына 2021 жылы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің нұсқауымен енгізілген смартфон телефондардағы «Darmen» тегін қосымшасымен таныстырылды.
Меркі ауданы білім бөлімі тарапынан су айдындарына ересектердің қадағалауынсыз баруға қатаң тыйым салу және көктемгі су тасқынынан туындайтын төтенше жағдайлардың орын алған кездегі қауіпсіздік шараларының алдын алу іс-әрекеттері бойынша ақпарат жасалынды.
«Су қоймалардың жанында абай болыңыз!» атты тақырыпта ата-аналар мен оқушыларға Жадынама таратылып, мектеп кабинеттеріне ілінді.