Қол өнердегі озық іс тәжірибе!
Ағымдағы жылдың 24 ақпаны күні аудандық білім бөлімнің №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында көркем еңбек және технология пәні мұғалімдеріне арналған тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Тәжірибе алмасу семинарында 2021 жылы аталған мектепке ұл балаларға арналған көркем еңбек және қыз балаларға арналған технология пәндеріндегі қолданыста тұрған жаңа модификациядағы құрал жабдықтармен «STEAM» электронды платформасының жұмысы таныстырылып, оның мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.