ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда қашанда мұғалімнің еңбегі зор. Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтау мақсатында өткен аудандық «Үздік педагог»-2021 байқауының қорытындысы бойынша үздік мұғалімдер марапатталды. Шығармашылық ізденістегі педагогтарымыздың нәтижесі төмендегідей нәтижеде өз жемісін көрсетті.
- ІІІ орын – Мамыткеримова Эльмира Тынышбековна- № 20ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Тотенова Гульзар Ташкенбаевна – №11 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Смагулова Балжан Бактияровна-№16 жалпы білім беретін мектебі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
- ІІ орын- Сақыбай Ұлпан Дүйсенбекқызы – №39 Т.Қожакеев атындағы мектеп-гимназиясы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Даниярова Гулсин Дуйсеновна – №13 М.Маметова атындағы жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
- І орын – Авдонькина Инга Викторовна – №9 В.Савва атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі.
- «Бас жүлде» – Ермекбаева Улбала Тургунбековна – №18 А.Қосанов атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектебінің биология пәні мұғалімі.
Марапатқа ие болған ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!