«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» туралы хабарлама
«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Меркі ауданының білім бөлімі көрсетеді.
Білім беру ұйымы педагогикалық қызметкерлерінің құжаттар топтамасын аудандық білім бөліміне тапсыру демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырады (түскі үзіліс сағат 13.00-14.30- ге дейін). Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
Құжаттарды 2021 жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей өткізеді.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:
- «Үздік педагог» атты аудандық байқауға қатысу үшін нысан бойынша өтінім;
- жалпы білім беретін мекеме басшылары растаған конкурс қатысушына берілген ұсыным;
- Жұмыс орны бойынша растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Педагог портфолиосы
- эссе;
- Электрондық тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары (компакт – дискілерде)
Байланыс телефоны: +7 701 424 41 45, 4-43-76