Үздік педагог-2021
Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес сәуір айының 27-28 аралығында педагогтардың мәртебесін көтеру, қолдау көрсету және кәсіби жетістіктерімен танылған ұстаздарды анықтау мақсатында республикалық «Үздік педагог-2021» байқауының аудандық кезеңі болып өтті.
Байқауға қатысқан педагогтар теориялық білімдерімен қатар, шығармашылық жұмыстарының электронды портфолиосын, оқушылармен өткізген жаңа тұрпатты бейнесабақтарын, инновациялық білімділік және әлеуметтік жобаларының презентацияларынан сынға түсті.
Әр ұстаз байқаудың түрлі кезеңдерінде өздерінің жаңашылдығымен, АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану деңгейімен және әдістемелік, ғылыми-ізденушілік іскерлігімен, зерттеушілік қабілеттерімен дараланды.
Байқаудың қазылар алқасы ұсынылған жұмыстардың мазмұн сапасы мен жұмыс бағытының көкейкестілігіне, күтілетін нәтижесіне баға бере отырып, оқытудың заманауи озық тәжірибесін көрсете білген ұстаздардың еңбегін аудан көлемінде насихаттау, шебер ұстаздар қатарын қалыптастыру туралы шешіммен байқау жеңімпаздарын марапаттауды ұсынды.