«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022» КОНКУРСЫНЫҢ І (АУДАНДЫҚ) КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Аталған конкурсқа жалпы 13 педагог қызметкер «Үздік педагог–2022 байқауы» платформасына тіркеліп, өтінім қалдырды. Ережеге сәйкес эксперттер тобы тағайындалды. Әрбір қатысушылардың портфолиоларын 3 эксперттен тұратын топ қарастырып, дербес бағалау жүргізді.
Платформаға енгізілген құжаттарды бағалау нәтижесі бойынша:
Бас жүлде – Наушабаева Гульбагира Рысбековна №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
І орын – Арыстанбекова Гулнур Бекмахамбетовна М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
ІІ орын – Селимшаева Наталья Владимировна – №16 жалпы орта білім беретін мектебiнің бастауыш сынып мұғалімі
ІІ орын – Калиниченко Григорий Викторович №44 жалпы орта білім беретін мектебiнің информатика және физика пәндерінің мұғалімі
ІІІ орын – Оразбеков Ербол Акимханович №28 жалпы орта білім беретін мектебiнің денешынықтыру пәнінің мұғалімі
ІІІ орын – Бердибаева Шынар Сагидуллаевна А.Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясының физика пәнінің мұғалімі
ІІІ орын- Омарова Гульсын Жарасбаевна – №48 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Үздік жетістіктер шебері» номинациясымен Ержігітова Сандуғаш Темерхановна Б.Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің химия пәнінің мұғалімі
«Үздік балабақша әдіскері» номинациясымен Абдрасилова Гульзира Алтыбаевна «Бөбек» бөбекжай-бақшасының әдіскері,
«Үздік педагог-2022» атағын беру конкурсының аудандық кезеңінде Бас жүлде алған Наушабаева Гульбагира Рысбековна №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі облыстық кезеңге жіберілді