ҰЛТТЫҚ ҚОЛ ӨНЕР – ХАЛЫҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАСЫ!
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, ағымдағы жылдың 27 қаңтары күні оқушылардың «Үміт» сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақтың ұлттық бұйымдары» атты ұлттық қол өнер көрмесі өткізілді. Аталған көрмеге аудан мектептерімен қосымша білім беру мекемелерінің көркем еңбек және технология пәндері мұғалімдерінің жұмыстары ұсынылды. Нәтижесінде №3,№15,№16,№17,№23,№39 жалпы орта білім беретін мектептерімен «Өркен» балалар шығармашылығын дамыту орталығы жүлделі орындарға ие болса, «Нұрай» білім беру орталығы «Ең үздік жас шеберлер» номинациясына ие болды.