Өмірі – өнерімен өрілген
Меркі ауданы білім бөлімінің тәрбие кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 23 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Қазақ музыкасының теориясы және тарихы» кафедрасында аянбай қызмет етіп жүрген Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Меркі ауданының құрметті азаматы, әнші, сазгер Бәбіжан Бағлан Жолдасқызымен Zoom платформасы арқылы қашықтан кездесу өткізілді. Іс-шараға аудан мектептерінің білім алушылары мен тәрбие жұмысына жауапты мамандар және білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында Бағлан Жолдасқызы жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Музыкатанушы өзінің ғылым мен білім, өнер саласындағы еткен еңбегі мен жеткен жетістіктеріне тоқталып, жастарды дәстүрлі музыка өнеріне баулу жолындағы әсерлерімен бөлісті. Кездесу соңында Кенен Әзірбаевтың «Ой Жайлау» әнін тарту етіп, іс-шараға қатысушыларға алғысын білдірді.