М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде 2023 жылдың 30 қаңтар күні , аудандық білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9 – 11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі басталды.
Білім бөлімінің басшысы А.Алтынбаева олимпиаданың аудандық кезеңінде:
– тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сәйкес жұмыстарды тексеруді ұйымдастыруға;
– аудандық кезеннің жеңімпаздарын әділ,шынайы анықтауға;
– олимпиаданы тексеру және оның қорытындысын шығару кезінде Академиялық адалдық қағидаларының сақталуына қазылар алқасы жауап беретіндігін ескертті!