2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ
ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес мектептерде оқу мерзімі 2023 жылдың 31 мамырында аяқталады.
31 мамыр- оқу жылының соңғы оқу күні.
Барлық мектептер бекітілген кестеге сәйкес сабақтарын жүргізеді.
Сабақ соңында әрбір сынып жетекшісі сынып сағатын өткізеді. Сынып сағаттарының сценарийлерін мұғалімдер әр сыныптың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірлейді.Сынып сағатының мазмұнды бір бөлігі патриотизм, отанды сүю, достық, татулық, ел тарихына, саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет таныту тақырыптарына бағытталады.
Соңғы қоңырау балаларды қорғау күніне орайластырып 1 маусымда өтеді.
Мектептер салтанатты шара өткізу, сынып сағаттарын, салтанатты линейкалар, аттестат тапсыру шараларын өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараны өткізуге, аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды шақыруға, мектеп әкімшілігіне, педагогтарға сыйлыққа ақша жинауға тыйым салынады.